Допты хоккей: «Ақжайық» - «Знамя» 8:0

None
ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобындағы командалар сайысы мәреге таялып келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кеше көш басындағы Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Воткинск қаласынан келген «Знамя» командасын қабылдап, 8:0 есебімен тізе бүктірді. Қазір «Ақжайықтың» жинаған ұпай саны 55-ке жетті. Бүгін аталмыш командалар екінші кездесуін өткізеді.