ОРАЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Швецияда мәреге жеткен допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алексей Никишов бастаған мамандар баптаған ел құрамасы үшінші орын үшін бәсекеде Финляндия хоккейшілерін 6:3 есебімен ұтты. Бұл ойында Дмитрий Завидовский екі мәрте мергендік танытса, Андрей Мороков, Александр Насонов, Евгений Шадрин, Вячеслав Бронников бір-бірден гол соқты.
Қазақстан құрамасы сапында Орал допты хоккейінің түлектері Леонид Бедарев, Рауан Исалиев, Денис Максименколар да өнер көрсетті.
Сөйтіп қазақстандықтар өз тарихында төртінші рет қола жүлдегер атанды.
Алтын медальді айдын иелері шведтерді 4:3 есебімен тізе бүктірген Ресей құрамасы жеңіп алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).