ОРАЛ. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Швецияда өтіп жатқан допты хоккейден әлем чемпионатында 2 ақпан күні өтетін жартылай финалда қазақстандықтар Ресей құрамасымен күш сынасады.
Кеше ресейліктер айдын иелері Швециядан 5:7 есебімен жеңіліс тауып, топтық сайыста екінші орынды иеленді. Жартылай финалдың екінші жұбы - Швеция мен Финляндия. Жартылай финалда жеңіске жеткендер алтын медальді сарапқа салады, ал ұтылған командалар қола жүлде үшін айдынға шығады.
Топтық сайыста Алексей Никишов, Марат Манғубаев сынды мамандар жаттықтыратын Қазақстан құрамасы аса тартысты өткен матчта ресейліктерден жеңіліп қалған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).