ОРАЛ. ҚазАқпарат - Иркутск қаласында мәреге жеткен допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Үшінші орын үшін бәсекеде қазақстандықтар өздерінің тұрақты қарсыласы - финдермен шеберлік байқасты. Кездесу Алексей Никишовтың шәкірттері үшін сәтсіз басталып, финдер бірінші таймда 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен екінші таймда қазақстандық бенди шеберлері таразы басын аудара білді. Сөйтіп 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын нүктесін команда капитаны Рауан Исалиев қойды.
Сонымен, қазақстандықтар үшінші рет қатарынан әлем біріншілігінің қола медалін иеленді. Ал финалда ресейліктер шведтерді 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атағын сақтап қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).