ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлікжарыстың кезекті матчын Оралдың «Ақжайығы» Верхний Уфалейде «Никельщик» командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда,кездесу барынша тартысты болды.
Бірінші тайм басталысымен, 4-минутта «Ақжайықтан» Павел Чебаков мергендік танытып,есеп ашты. Дегенмен 20 минуттан кейін «Никельщиктен» Юрий Маринов таразы басын теңестіріп кетті.
Екінші таймда айдын иелерінен әуелі Климент Нигматуллин, содан кейін РоманЛопатков көзге түсіп, есепті 3:1-ге жеткізді. Бұдан кейін «Ақжайықтың» капитаныМаксим Өтебалиев есепті қысқартқанымен, К.Нигматуллин 78-минутта ойын нүктесінқойды.
Осылайша «Никельщик» 4:2 есебімен жеңіске жетті. Ертең қос команда екінші бәсекесін өткізеді.
Еске сала кетейік, екінші топта биылғы маусымды сәтсіз бастаған «Ақжайықтың» бұдан бұрын «Маяк» командасына екі мәрте есе жібергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).