«Ойынға келсек, бәрі айтылды. Егер мен мұнда еш эмоциясыз, бос кеуектей отырсам, балаларға одан да қиын, олардың да көңіл-күйі жоқ. Ойын нәтижесіне қарасақ, менің алғашқы қадамым сәтсіз болған секілді. Командаға көңілім толады. Олар аз ғана уақытта жиналды. Біз команданы тактикалық схемалармен ғана емес, тұтас ұжым ретінде біріктіруге тырыстық", - деді І.Хандаев Хабаровскіде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, Қазақстанның ұлттық командасы бендиден (допты хоккей) 2018 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін кездесуде Финляндия құрамасынан 4:8 есебімен жеңілді.