ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазан қаласында допты хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында кеше Қазақстан құрамасы өзінің беташар матчын норвегиялықтармен өткізді.
Қазақстандықтар 7:2 есебімен ұтып, айқын басымдылық танытты. Бұл жүлделі орындар үшін таласатын үздік төрт команданың қатарынан табылуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Алексей Никишов пен Александр Ионкин жаттықтыратын қазақстандықтар енді АҚШ, Ресей, Швеция, Финляндия құрамаларымен күш сынасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).