ОРАЛ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазан қаласында допты хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кеше Швеция командасымен айдынға шықты.
Әлем чемпионы атағын әлденеше рет жеңіп алған шведтердің басымдылығы бірден байқалды. Сөйтіп олар ойынның алғашқы кезеңінде жауапсыз бес доп соқты. Есесіне екінші таймда қазақстандықтар допқа басымырақ иелік етті. Рауан Исалиев, Ескендір Нұғманов сынды жас ойыншылар да айдынға көбірек шықты. Сөйтіп бұл тайм 2:2 есебімен тең аяқталды. Қорытынды есеп - 2:7, шведтердің пайдасында. Алдыңғы екі ойында қазақстандықтар дәл осындай есеппен Норвегия, АҚШ құрамаларын ұтқан болатын.
Қазақстандықтар Финляндия, Ресей құрамаларымен кездесулерін өткізгеннен кейін жартылай финал ойындарына қатысады. Жартылай финал ойындары алдағы сенбіге белгіленсе, шешуші бәсекелер жексенбі күні өтеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).