ОРАЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазан қаласында өтіп жатқан допты хоккейден әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы кеше ресейліктермен күш сынасты.
Бірінші таймда Ресей құрамасы 2:1 есебімен ғана басым түссе, ойынның екінші кезеңінде әлдеқайда ширақ ойнады. Сөйтіп есепті 7:2-ге жеткізді. Бұған дейінгі ойындарда қазақстандықтар дәл осындай есеппен Норвегия мен АҚШ-ты ұтып, шведтерден ұтылып қалған болатын. Бүгін Қазақстан құрамасы финдермен күш сынасады. Осыған дейінгі әлем чемпионаттарының бәрінде дерлік қола жүлде үшін қазақстандықтар осы фин құрамасымен шеберлік байқасып келеді. Биыл да Қазақстан құрамасы әзірге төрт ұпаймен төртінші орында тұр.
Алдағы жартылай финалдық бәсекелер 29 қаңтарда, ең соңғы шешуші ойындар 30 қаңтарда өтеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).