Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады
10:50, 03 Ақпан 2009
ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ақпанның 6-8-інде Ресейдің Киров қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық құрама оралдық жас хоккейшілерден жасақталып отыр. Бапкері ? Александр Рожков. Қазақстандықтар алғашқы кездесуін Ресей құрамасымен өткізеді. Әлемдік додада сондай-ақ Швеция, Финляндия, Норвегия командалары күш сынасады.