ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» қаңтардың 11-12-сінде кезекті ойындарын Мончегорскіде жергілікті «Кольская ГМК» командасымен өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші матчта айдын иелері 6:3 есебімен басым түсті. Екінші ойынның бірінші кезеңінде «Ақжайық» 2:1 есебімен алға шыққанымен, қорытынды есеп 3:4 есебімен мончегорскілік команданың пайдасына аяқталды. Екі кездесуде де «Ақжайықтан» Петр Грибанов, команда капитаны Владислав Новожилов, Эдуард Кондратьев бір-бірден доп соғып, көзге түсті.
Бірінші топта көш бастап келе жатқан «Кольская ГМК» командасының есебінде қазір 36 ұпай болса, «Ақжайық» екінші орында келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).