Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы екі ойында да ірі есеппен жеңіске жетті
08:16, 17 Қаңтар 2011
ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» 15-16 қаңтарда Димитровградтың «Черемшанын» қабылдап, екі ойында да ірі есеппен жеңіске жетті.
Оралдықтар бірінші ойында 7:2 есебімен ұтса, екінші матчта қарсыластарын 10:2 есебімен тізе бүктірді. Әсіресе, екінші кездесуде «Ақжайық» сапында Еламан Әліпқалиев, Самат Аманшин сынды жас ойыншыларға дейін доп соғып, жақсы әсер қалдырды.
Осы турдан кейін «Ақжайық» өз тобында қоржынында 15 ұпайы бар «Черемшанды» басып озып, 16 ұпаймен екінші орынға көтерілді.