Жайсыз хабар туралы Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Мейірбеков ағамыз Раббысына қайтыпты. Фирдаус жаннаты нәсіп етсін. Өте жақсы адам еді. Қазақ халқына, атамыздың әулетіне қайғырып көңіл айтамыз», — деп жазды С. Майғазиев.
Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде өнер көрсетті.
Ақжол Мейірбеков 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.