Жобаның атворы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі және мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досқан Жолжақсынов. Ол дискіге қазақ тіліндегі 30-дан астам ертегіні жазды.
Балаларға арналған ертегілерден бөлек, дискіде әр жылдары елдің астанасы болған Қазақстанның басты қалалары туралы ақпараттар бар. Сондай-ақ автор балаларды ел мұражайларының құндылығына айналған археологиялық жәдігерлермен таныстырады. Халық әртісінің әңгімесі ұлттық әуеннің сүйемелдеуімен баяндалады. Төрт бөлімнен тұратын дискінің соңында Қазақстанның Әнұраны орындалады.
Қазақ тіліндегі халық ертегілерінің топтамасын жасау идеясы Д.Жолжақсыновқа 10 жыл бұрын келді. Оны жүзеге асыру үшін автор Білім және ғылым министірінен де көмек сұраған көрінеді. Ол кезде ертегілер аудиокассеталарға жазылуы керек еді. Жолжақсыновтың идеясы бойынша олар құлаққаптармен бірге қолжетімді бағамен сатылуы тиіс болды.
«Қазақмыс» корпорациясының көмегімен жобаны жүзеге асырудың мүмкіндігі бүгін ғана туды.
«Жылдарға қарамастан идея өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жас буын халықтың тарихы мен дәстүрін ғана емес, тілін де білуі керек. Менің немерелерімен қазақ ертегілерін тыңдап тәрбиеленуде, оларды басқа балалар да естісе екен деймін», - дейді Д. Жолжақсынов.
Автордың айтуынша, дискіге мейірімділігі көп және соңы қуанышпен аяқталатын ертегілер ғана енгізілді.
CD-дегі «Қазақтың ұлттық ертегілері» «Меломан» дүкендер желісіне сатылымға түсті.