Достастық елдері ТМД-ның Лаңкестікке қарсы орталығының ролін күшейтуді қолдап отыр
ҚазАқпарат тілшісіне ТМД Атқару комитетінен хабарлағанындай, кезекті консультацияға ТМД елдерінің жаңа ығыттармен, атап айтқанда: лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен және есірткі қатерімен күрестегі ынтымақтастығы арқау болды.
Консультацияға Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова (байқаушы ретінде), Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина елдерінің өкілдері, ТМД-ның Қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің, Шекара қызметтері қолбасшылары кеңесі мен Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
Консультация барысында сыртқы саясат ведомстволарының өкілдері жаңа ығыттар мен қатерлерге қарсы күресу проблемалары бойынша пікір алмасты. Достастық елдерінің БҰҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың аясындағы лаңкестікпен, есірткі қатерімен, ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелері талқыланды.
Консультацияға қатысушылардың көпшілігі ТМД-ның Лаңкестікке қарсы орталығының ролін күшейтуді қолдады.