Бұл туралы ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің баяндамасында мәлім етілген.
Өнеркәсіп өндірісінің ең үлкен құлдырауы Украинада тіркеліп, бұл көрсеткіш 31,9 пайызды көрсетіп отыр. Ал Молдовада бұл - 25,3 пайызды, Қырғызстанда - 20,2 пайызды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 2009 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысына сүйенсек, Ресей өнеркәсіптік құлдыраудың қарқыны бойынша Достастық елдерінің ішінде төртінші орын алып отыр - оның көрсеткіші 15,4 пайыз.
Тәжікстанда өнеркәсіп өндірісі - 13 пайызға қысқарса, Арменияда - 10,5 пайызға, Қазақстанда - 4,6 пайызға, Беларус Республикасында - 3,4 пайызға қысқарған.
Өткен 5 айда Достастық елдері бойынша өнеркәсіп өндірісі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, орта есеппен 16 пайызға қысқарып отыр. Достастықтан шыққалы жатқан Грузия, сондай-ақ Өзбекстан мен Түрікменстан бойынша өнеркәсіп өндірісінің динамикасы туралы мәліметтер жоқ.
Достастық елдері бойынша өткен бес айда Жалпы ішкі өнім былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда, орта есеппен 9 пайызға қысқарды.