Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мәжіліс қыркүйектің 29-ында Бакуде өтеді. Онда әр елдің өкілдері өз әріптестерін орнықты миграциялық жағдайды сақтау жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етеді. Сондай-ақ көші-қон саласындағы модельдік заңдарды әзірлеудің барысы туралы ағымдағы мәселелер талқыланбақ.