Достастықтың алты мемлекетінің «Шығыс серіктестігі» бағдарламасына қатысуы кеңістікте қарама-қайшы реакция туғызуда
08:43, 15 Мамыр 2009
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының алты мемлекетінің «Шығыс серіктестігі» бағдарламасына қатысуы кеңістікте қарама-қайшы реакция туғызып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атқарушы комитеттің төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевтің айтуынша, Еуроодақ басшылығы мен Шығыс серіктестігіне шақырылған мемлекеттердің басшылары, бұл бастаманың Ресей Федерациясына немесе Достастыққа бағытталмағанын, олардың қызметі жалпы Достастыққа әсер етпейтінін бірауыздан мәлім етуде. Бірақ та кейбір қиыншылықтар болмай қоймайды. Шығыс серіктестігіне қатысушы елдердің заңнамаларын Еуроодақ нормаларына сәйкестендірудің нәтижесінде Достастық аясында жасалған бірқатар келісімшарттарды қайта қарап шығу қажеттілігі туындауы мүмкін, дейді ТМД Атқарушы хатшысы. «Достастықта тығыз экономикалық байланыстар жолға қойылған және Шығыс серіктестігіне қатысуына байланысты оған мүше алты ел Достастық аясындағы ынтымақтастықтан бас тартқан жағдайда басқа елдер көретін шығындарды Еуропалық Одақ бұл кезеңде өтей алмайды», - деп санайды Сергей Лебедев. Ол, Шығыс серіктестігіне шақырылған елдермен келісе отырып, олардың Достастыққа мүшелігін сақтап қалуға және кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерінің белсенді мүшесі болып қалуларына кедергі келтірмейтін шешімдер қабылдау мүмкіндігіне сенім білдірді.