Компания мәліметінше, жетістік жоғары жауапкершіліктің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық қызметтері мен бөлімшелерінің және процеске тартылған іргелес тараптың іс-қимылдары мен кәсібилігін дәл үйлестірудің нәтижесі болды.
Ұлттық компания трансшекаралық тасымалдардың әлеуетін арттыруды, логистикалық процестерді жетілдіруді және Қытай Халық Республикасымен теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.
Айта кетейік, Қазақстан арпа экспортын екі есеге арттырды.