«Сағат 3-те Достық стансасынан CKD-9 тепловоз жүк пойызы (құрамында жүк тиелген 54 вагон болды) шықты, сондай-ақ сағат 04:45-те ҚХР-дың Алашанькоу стансасынан CKD-9 тепловоз жүк пойызы (құрамында 47 бос вагон болды) шықты, ақыры олар кең табанды жолда соқтығысып, өртенді», - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, пойыздардың соқтығысуы тепловоздың тежегіш жүйесінің ақауы салдарынан орын алған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт сөндірілді.
Сонымен бірге, 24 вагонның рельстен шығып кеткені хабарланып отыр.