Достық стансысында контрабанданың жолы кесілді

ТАЛДЫҚОРҒАН.  Қазанның  9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш  Дүйсенова/ -   Ағымдағы аптада Достық стансысында  контрабанда алу  өту оқиғасының  жолы кесілді.

«Достық»  кеденінің баспасөз қызметінен    хабарлағандай, «Жібек жолы» №14  халықаралық  пойызында     6-шы вагондағы жолаушылардың  жүктерін тексеру  барысында,  кеден қызметкерлері  Қазақстан     Республикасының  азаматшасынан    декларацияланбаған  және  жеткізіліміне   шектеу   қойылған  80   дана алтын және күміс    әшекейлер   тапты.  Кеден қызметкерлері  сот сараптамасын  тағайындады және  тексеру амалдарын  жүргізуде.