Телесериал продюсері - Данияр Жанбеков, қоюшы режиссерлері - Айдын Сахаманов, Нұрғиса Әлмұратов.
Туындыда рөлдерді Әбілмансұр Серіков, Әшім Ахметов, Еслям Нұртазин, Бақтияр Байсерік, Арай Рахмет, Гүлбахрам Байбосынова, Жанаргүл Жаныаманова, Бауыржан Қаптағай, Бақтияр Қожа, Гүлжамал Қазақбаева сынды әртістер сомдайды.
Телехикаяда шынайы достықтың үлгісі көрсетіледі. Хикаяның басты кейіпкерлері - ғылыми жобамен айналысатын төрт дос жаңалық ашпақ болады. Жігіттер шетелден келіп түскен көптеген ұсыныстарға қарамай, үлестерін туған елдің дамуына қосуды көздейді.