Қайғылы жағдай 6 тамыз кешкі сағат 5-терде болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, суға кеткен ер адам Ақтауға қонаққа келген Ресей азаматы.
Оқиға куәгерінің сөзіне қарағанда, суға кеткен ер адам жағада тұрған жолдасынан көмек сұраған. Алайда жолдасы оны қалжың деп түсінген.
«Ол суға кетіп барамын деп айқайлады, бәрі қас пен көздің арасында болды. Ол жағаға жақын жерде жүрген болатын», - деді оқиға куәгері.
Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем жетті. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.