Доу Джонс индексі 10 мың бағамнан асып түсті

НЬЮ-ЙОРК. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Сәрсенбі күнгі саудаларда Доу Джонс өнеркәсіптік индексі өсіп, ағымдағы жылы алғаш рет 10 мың бағамнан асты.

Осыдан 7 ай  бұрын - наурыздың   9-ында -  сауда 6547,05    межесінде аяқталған  кезде,      соңғы  он  екі  жылдағы  ең  төменгі көрсеткіш    тіркелген болатын. 

«Ассошиэйтед пресс»  байқаушылары инвесторлардың  бұл жолғы оптимизмін   Intel  корпорациясы мен  JPMorgan Chase&Co  банкінің    табысты тоқсандық  есептерімен байланыстырып  отыр.      Индекстің  көтерілуі     қаржылық  дағдарыс  пен  рецессиядан кейін  экономиканың    жандануының      маңызды  белгісі ретінде    қарастырылады.