«Батыстың исламдануына қарсы Еуропа патриоттары» (PEGIDA)ұйымы аталған қалада шерулерді қазан айынан бері ұйымдастырып келеді. Ангела Меркель мен Германияның белді саясаткерлері азаматтарға ондай шеруге бармау керектігін ескертті. Исламға қарсы соңғы акцияға 18 мыңға жуық адам жиналған.
Ал, сенбі күнгі өткен аталған ұйымның акциясына Дрезден қаласының басшысы қатысты. Шеруге қатысушылар Францияда қаза тапқан адамдарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.