Агенттіктің деректеріне сүйенсек, ұшақтың қаптамасы 7 шақырым биіктікте болған кезде үзілген, содан кейін кеме командирі Шерметьевоға қайта қону5а шешім қабылдаған.
Ұшақ қай компанияға тиесілі екені және бортта қанша адам болғаны нақтыланбай отыр. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Шерметьево әуежайының онлайн-табло деректеріне сәйкес 13 маусымда Дрезденге «Аэрофлот» әуежайының SU 2344 рейсі ғана ұшуы тиіс болатын. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 14:04-те ұшқан, қазір алынып тасталды деп белгіленген.