Drinkit-те Нейробариста пайда болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Drinkit кофеханалар желісіндегі Нейробариста клиенттің көңіл-күйі мен талғамын ескере отырып, сусынды жеке әзірлейді. Нейробариста әзірлейтін кофені Қазақстандағы Drinkit кофеханаларында қазірдің өзінде байқап көруге болады. Бұл шешім Yandex Cloud технологиялары негізінде жұмыс істейді.

Фото: Drinkit баспасөз қызметі

Нейробариста қонақтарға талғамы мен көңіл-күйіне қарай сусын әзірлеуге көмектеседі. Мобильді қосымшада қандай сусынды қалайтыныңызды сипаттау жеткілікті — соған қарап Нейробариста бірегей рецепт ұсынады. Мысалы, жұмыс күнін жақсы аяқтауға арналған сусынды, демалыстың тәтті дәмін еске түсіретін кофені немесе белсенді жаттығудан кейін сергітетін сусынды сұрауға болады.

Одан кейін қонақ сусынға бірден тапсырыс бере алады немесе ингредиенттерді өз қалауынша өзгертуіне алады: кофеинді немесе қантты алып тастауға, протеин қосуға, эспрессо порцияларының санын көбейтуге, топпинг таңдауға болады.

Фото: Drinkit баспасөз қызметі

Нейробаристамен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлесуге болады, Drinkit қосымшасына да осы тілдер енгізілген.

Шешім ЖИ-агенттер мен қосымшалар әзірлеуге арналған Yandex Cloud платформасы — Yandex AI Studio негізінде жұмыс істейді. Қазірдің өзінде компаниялар AI Studio-ның көмегімен түрлі бизнес тапсырмаларға арналған 50 мыңнан астам ЖИ-агент әзірледі. Ал күн сайын платформада 500-ден астам жаңа көмекші дайындалады.

— Жекелеу — Drinkit бренді құрылғаннан бергі негізгі қағидаттың бірі. Бүгінде желіміздегі тапсырыстардың жартысынан көбі қонақтардың жеке қалауына қарай бейімделеді. Нейробариста бұл тәжірибені жаңа деңгейге көтеріп отыр. Ол қолданыстағы сусындардың ерекше үйлесуін ғана емес, ингредиенттердің мүлде жаңа комбинацияларын да ұсына алады. Бұл біз үшін қонақтармен тығыз қарым-қатынасты одан әрі ыңғайлы әрі шын мәнінде жеке байланысу жолындағы тағы бір қадам, — дейді Drinkit CBDO Виталий Калинин.

 

— Генеративті ЖИ компанияларға пайдаланушылармен өзара әрекеттесудің мүлде жаңа сценарийлерін құруға мүмкіндік береді. Мысалы, ингредиенттерді конструктор арқылы таңдаудың орнына, Нейробаристамен сөйлескенде, кәдімгі адаммен сөйлескендей, қалауыңызды қарапайым сөздермен сипаттау жеткілікті. Бұл ретте қонақ қарапайым әрі ыңғайлы сервисті тұтынады, ал бизнеске мол шығынсыз және штатқа көптеген ML-мамандарды қажет етпей, ЖИ-агентін әзірлеуге мүмкіндік беретін қолжетімді құрал ұсынылады, — деп атап өтті Yandex Cloud-тың Қазақстан және Орталық Азиядағы бас директоры Арыстанбек Жолдасбеков.