Uzbekistan Airways компаниясынан мәлім еткендей, кеше түнде дрон шабуылына байланысты Ресейдің бірқатар әуежайы жұмысын тоқтатты. Тиісінше, өзбекстандық ұшақтардың рейсі кешігіп жатыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Мәскеу, Владикавказ, Грозный, Магас және Махачкала әуежайларындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Сәйкесінше, Қаршы-Мәскеу рейсін орындаған ұшақ Новгородтағы қосалқы әуежайға бағытталды. Сондай-ақ, Мәскеу — Самарқанд, Мәскеу — Ферғана, Ташкент — Махачкала — Ташкент, Ташкент — Грозный — Ташкент рейстері кешігеді.
Қоса кетсек, таяуда Ташкент — Орал бағытында жаңа әуе рейсі ашылатынын жазып едік.
Мұнымен бірге, желтоқсаннан бастап Түркістаннан Өзбекстанның үш қаласына жаңа әуе рейсі іске қосылды.