Ондаған рейс тоқтатылды. Гатвикке ұшып келе жатқан ұшақтар басқа бағытқа - Лондонның Хитроу және Лутон әуежайларына, сондай-ақ Манчестер, Кардифф, Париж, тіпті Амстердам әуежайларына жіберіліп жатыр.
Соңғы деректерге қарағанда, дрондардың кесірінен 10 мыңға жуық адам жолынан қалған.
Гатвик әуежайының операциялық директоры Крис Вудруфтың сөзіне қарағанда, әуеде жұрт көрген соңғы дронды іздеп жатыр.
Оларды ұшырғандар әлі табылған жоқ.