Осы оқиғаға байланысты БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Аталған басылымның бас редакторы Альмжан Акбаров газеттің бүгінгі жай-күйі туралы айтып берді.
«4 ақпан күні біздің басылымның шыққаны 84 жыл толды. Бүгін 6000-шы нөмірін шығардық. 1970-ші жылдардың аяғында газет тиражы 300 мыңнан асқан. Қазіргі газет тиражы 7534 дана. Біз осы сәтті пайдаланып, БАҚ өкілдерімен бүгін жалпы балалар әлеміндегі ақпараттық кеңістік мәселесін талқыладық. Біз бұл сұрақты бірнеше рет көтердік. Бірақ, жеткізе алмай келеміз. Балалардың қазір аз оқиытыны белгілі, десек те біздің өз оқырманымыз бар. Қазір балалар экология тақырыбында көп жазады. Бізде «Отан» деген айдар бар, соған хат жазушы оқушылар көп. «Атамекен» деген тарихи айдарымыздың да тұрақты оқырманы бар» , - деді Акбаров.
«ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында бар редактор газет адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатынан еш алшақтамағанын айтты.
«Суицид, экстремизнен сақтандыру біздің газеттің форматына жатпайды. Бірақ, нашақорлық секілді тақырыптарды біз айналып өте алмаймыз», - деді бас редактор.
14:29, 07 Ақпан 2017
«Дружные ребята» басылымының 6000-шы саны жарық көрді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 84 жылдық тарихы бар «Дружные ребята» республикалық балалар басылымы бүгін тарихи 6000-шы санын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.