ДСМ-де комитеттердің аумақтық басшыларын кадрлық ротациялау бойынша жұмыстар басталды

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық министрлігінде жемқорлықпен күрес штабының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Министрлікте жемқорлықтың алдын алу мақсатында Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, Медициналық қызметке ақы төлеу комитеттерінің аумақтық департаменттері басшыларын кадрлық ротациялау бойынша жұмыстар басталды.