Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай айтты.
«Біз алғаш рет тұмауға қарсы медициналық препараттарды сараптамадан өткіздік. Оның нәтижесі көрсеткендей, Қазақстандағы тұмау түрлерін емдеу кезінде «Тамифлю» мен «Релензаны» қолданған дұрыс. Ал кәдімгі амантоидтер - ремантадин және амантадин біздің тұмауға қарсы тұра алмайды. Осыған байланысты біз науқастарды емдеу хаттамаларына тиісті өзгерістер енгіздік. Біздің бұл шешімімізді Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы да қолдап отыр» , - дейді Ж.Бекшин.