ДСМ жалған рецептерді ЖИ арқылы әшкерелемек

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов Үкімет отырысында жалған рецептерді ЖИ арқылы әшкерелеу қолға алынатынын мәлім етті.

— Жасанды интеллект жалған рецепттерді анықтау үшін пайдаланылады. Таңбалау жүйесінде «жасанды интеллект — кеңесшісі» енгізіліп, ол нарық қатысушыларына таңбалау, айналым ережелері және заңнамалық талаптар бойынша автоматты түрде кеңес алуға мүмкіндік береді, — деді Тимур Мұратов.

Ал таңбаланған дәрілік заттардың қозғалысын қадағалап отыру үшін болжамды аналитика енгізіліп жатыр. 

— Бұл айналымдағы тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді, — деді вице-министр.

Айта кетейік, бүгін Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайын талқылап жатыр.