— Жасанды интеллект жалған рецепттерді анықтау үшін пайдаланылады. Таңбалау жүйесінде «жасанды интеллект — кеңесшісі» енгізіліп, ол нарық қатысушыларына таңбалау, айналым ережелері және заңнамалық талаптар бойынша автоматты түрде кеңес алуға мүмкіндік береді, — деді Тимур Мұратов.
Ал таңбаланған дәрілік заттардың қозғалысын қадағалап отыру үшін болжамды аналитика енгізіліп жатыр.
— Бұл айналымдағы тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді, — деді вице-министр.
Айта кетейік, бүгін Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайын талқылап жатыр.