ДСҰ: 2014 жылы әлемдік сауда көлемі 4,7 пайызға өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы әлемдік сауда көлемі 4,7 пайызға өседі. Бұл туралы Дүниежүзілік Сауда Ұйымының болжамында хабарланды.

Аталған көрсеткіш 2013 жылдағы нәтижеден екі есеге асып отыр, яғни ол кезде әлемдік сауданың көлемі 2,1 пайызға ғана артып, 18,8 трлн. доллар көрсеткішіне жетті. Болжамдарға қарағанда, биылғы жылы ең жақсы көрсеткіштер дамушы елдер мен ТМД мемлекеттерінде байқалады. Бұл елдерде сауда көлемі 6,4 пайызға өседі деп күтілуде. Ал дамыған мемлекеттерде сауда деңгейі 3,6 пайызға артатын көрінеді. Атап айтқанда, Азия мемлекеттері 2014 жылы өзге өңірлерге қарағанда өзінің экспорттық көрсеткіштерін едәуір жоғарылатпақ.