H5N8 құс тұмауының штаммы Нидерланды мен Германияның құс фермаларында табылған.
Вирустың құстардың басқа түрлеріне тарау мүмкіндігі бар ма деген сауалға ДСҰ сарапшысы Элизабет Мамфорд, «Мен әрине, бар дер едім» деп жауап берді.
«Мен вирус адамдар арасында да таралады деп ойлаймын, - деді Мамфорд. Егер ол шынымен кеңінен тараса, адамдар арасында да бұл дертке шалдығу жағдайларын жоққа шығаруға болмайды».
H5N8 осыған дейін еш адамға жұқпаған. Және көптеген вирусолог-сарапшылар оны жұқтыру қаупі өте аз деген пікірде.