Ауруды зертханалық жолмен тексеруді британ мамандары жүргізген.
Әйел адам Тонколили округінде көз жұмды. Мұнда ол Камбиядан, Гвинеямен шекараға жақын орналасқан ауданнан келіпті. Енді денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері онымен араласқан, байланыста болған адамдарды іздеп жатыр.
Бұған дейін әлемдік БАҚ Либерия, Сьерра-Леоне және Гвинеяда Эбола дертін ешкімнің жұқтырмағанына 42 күн өтті, деп жариялаған еді. Қазір денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар дерттің күшею мүмкін екендігін ескертіп, тұрғындарды сақтанып жүруге шақырады.