ДСҰ-ға мүше елдер ұйымның реформасы жайында келісті

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер сауда министрлері тоғыз құжаттан тұратын Бали келісімінің пакетін толық қабылдау үшін дауыс берді. Осы жайында шетелдік БАҚ хабарлады.

Бұл 1995 жылы құрылғаннан бергі ДСҰ-ның ірі реформасы болып табылады.

Декларацияда ДСҰ елдері сауда рәсімдері бойынша келісімді бекіткені жайында, яғни бес құжат ауыл шаруашылығы тұрғысында (оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі келісімі мен экспорттық бәсекелестік декларациясы), сондай-ақ төрт құжат даму қарқыны жоғары емес елдерді қолдауға байланысты.

Атап айтқанда, реформа жобасы бойынша келіссөздер соңғы төрт күн бойы жалғасты.