Ресей жыл соңына дейін Үндістаннан 1 миллион еңбек мигрантын қабылдауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Ресей жоғары білікті кадрлар тапшылығын жабу үшін Үндістаннан 1 миллион еңбек мигрантын тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Урал сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Андрей Беседин хабарлады.
— Үндістандық әріптестерімнен естігенімдей, жыл соңына дейін Үндістаннан Ресейге, соның ішінде Свердлов облысына 1 миллион маман келеді. Екатеринбургте аталмыш мәселелермен айналысатын осы елдің жаңа Бас консулдығы ашылып жатыр, — деп түсіндірді ол EAN агенттігіне берген сұхбатында.
Бесединнің айтуынша, ресейлік өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс қуатын арттыруы керек, бірақ аймақта жұмыс күші тапшылығы қатты сезіліп отыр.
Үндістаннан басқа, Шри-Ланка және Солтүстік Кореямен де жұмыс жүргізіліп жатыр. Дегенмен, палата басшысы атап өткендей, бұл елдерден келген еңбек мигранттарымен ынтымақтастық қиын болуы мүмкін.
Жаңа жұмысшылар бірінші кезекте жоғары білікті мамандарды қажет ететін металлургия және машина жасау салаларына жіберілетін болады.
Еске сала кетейік, Ресейде шетелдіктер байланыссыз қалуы мүмкін.