ДСҰ нормаларына сәйкестендірілген келісім қабылданды - Сенат

None
АСТАНА.  18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Құжат келісімнің кейбір ережелерін Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына және Кеден одағының нормативтік құқықтық базасына сәйкес келтіреді. Бұл ретте жалпы өзгерістерге келетін болсақ, біріншіден келісімнің түсіндіру бөлімі өзгертіледі. Екіншіден, ЕурАзЭқ-тың тергеу жүргізуге жауапты органы мен ішкі нарықты қорғау департаменті арасындағы құзыреттер жекеленіп бөлінеді.

Хаттаманы қабылдау ДСҰ нормаларын ескере отырып, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында отандық өндірушілерді қолдау және ішкі нарықта тең бәсекелестік жағдай жасау мақсатында бірыңғай шараларды толығымен қолдануға рұқсат етілген. Хаттаманы Беларусь тарапы қабылдаған, ал Ресей Думасында құжат әлі қаралып жатыр.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.