ДСҰ-ны реформалау: ЕО мен АҚШ бірлесіп жұмыс істемек

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ пен АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) реформалау бағыттарында бірлесіп жұмыстар жүргізбек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Бұл туралы Еурокомиссияның басшысы Жан-Клод Юнкер мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуінен кейін ЕО мен АҚШ-тың бірлескен мәлімдемесінде айтылды.

«Бүгін біз америкалық және еуропалық компанияларды жаһандық саудадағы жосықсыз сауда тәжірибесінен қорғау үшін күш біріктіруге келістік», - делінген сәрсенбі күні кешке ЕК таратқан хабарламасында.

«Сондықтан, біз ДСҰ-ны реформалау және зияткерлік меншікті ұрлау, технологияларды мәжбүрлеп беру, өнеркәсіптік субсидиялар, мемлекеттік кәсіпорындар жасайтын бұрмаланулар және артық өндіру сияқты жосықсыз сауда әдістерін жоюға ұмтылатын серіктестермен тығыз жұмыс істейтін боламыз», - делінген құжатта.

Еуроодақ пен АҚШ сауда-саттықты жеңілдету және кеңейту бойынша жұмыс істеуге ниетті.

Сондай-ақ, тараптар сауда-саттықты жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді азайту, шығындарды қысқарту үшін талаптар бойынша тығыз диалог бастауға» келісті, сондай-ақ «болат және алюминий үшін тарифтер мәселелерін шешуге» дайын екендіктерін білдірді.