ДСҰ-ның министрлік конференциясы Қазақстанда өтетіндігіне үміт артамыз - ЕО Елшісі
«Ready4Trade бағдарламасының Орталық Азияда басталуын сәтті және уақытылы іске қосылды деп санаймын. Өйткені бұл бізге аймақтық интеграцияны, тұрақтылық пен өркендеуді арттыратын тұрақты сауда саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. COVID-19-дан кейін бүкіл әлемнің дайындығын қамтамасыз етіп жатқан уақытта бұл одан әрі өзекті бола түсетін Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған стратегиясының негізгі тірегі болып саналады», - деді ол конференция барысында.
Сонымен қатар ЕО Елшісі цифрландыру экономикалық өсімді жеделдету, инклюзивті сауда-саттықты қамтамасыз ету және жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу үшін барынша маңызға ие болып келе жатқанын атап өтті.
«Осыған орай Дүниежүзілік сауда ұйымының жаңа талаптарына сай келетін электронды сауда-саттық туралы жалпы қамтымды заңнама әзірлеуде Қазақстанға қолдау көрсету барысында біздің жоба зор үлес қосатын болады. Қазақстанның ДСҰ-да маңызды рөлге ие болуға ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар ДСҰ-ның 12-ші министрлер кездесуін өткізуін тағатсыздана күтеміз. Біз Қазақстан оны 2021 жылы қабылдай алады деп санаймыз», - деді Свен-Олов Карлсон.