ДСҰ-ның жаңа басшысы болып бразилиялық экономист Роберто Азеведо сайланды
13:23, 08 Мамыр 2013
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымының жаңа басшысы болып бразилиялық экономист Роберто Азеведо сайланды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша ол өзінің қарсыласы мексикалық Эрминио Бланкодан алға шықты, деп жазады ВВС.
ДСҰ-ның қазіргі бас директоры француздық Паскаль Ламидің өкілеттігі 2013 жылдың 31 тамызында аяқталады.
Роберто Азеведо ДСҰ-ны басқаратын бірінші латынамерикалық болмақ.