ДСҰ: Сыртқа шығаратын тауарлары көп, жаңа технологияларды отандық өндіріске енгізуге барынша мүдделі Қазақстан үшін елеулі оқиға
«Егемен еліміздің еңсесі тағы бір түзелді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына ресми қабылданды. Бұл еліміздің беделін тағы бір белеске көтерді. Мұның өзі ДСҰ-ға 162-ші ел болып еніп отырған Қазақстанның болашағының зор екендігін аңғартады. Бұл сыртқа шығаратын тауарлары көп, жаңа технологияларды отандық өндіріске енгізуге барынша мүдделі болып отырған Қазақстан үшін елеулі оқиға екені сөзсіз», - деді ол.
«Бұл бізге өнімдерімізді сыртқа шығаруға мол мүмкіндік ашып отыр, деп жалғастырды сөзін Қ.Тапаев. - Біздің кәсіпорын әлемдік нарыққа шығудың нақты қадамдарын жасауда. Жақында ғана біздің ұн комбинатының «Granum» сауда маркалы ұны мен макарон өнімдерінің тұсаукесерін өткіздік. Кәсіпорынның бұл өнімдері қазірдің өзінде жергілікті және халықаралық нарықта сұранысқа ие болып отыр. Бұл өнімдердің сапасы ГОСТ және НАSР стандарттарына сай келеді, ассортименті әртүрлі, бағасы қолжетімді. «Granum» ұнының ең басты ерекшелігі «Elcovit» дәрумендік -минералды кешенімен байытылуы деу орынды. Ұнның құрамында темір, фоли қышқылы, никотин қышқылы, рибофлабин және тиамин дәрумендік топтары бар. «Granum» ұны адам денсаулығына өте пайдалы өнім болып табылады. Кәсіпорында бұл ұнның төрт түрі шығарылады. Ұнның «Экстра» әмбебап, тәтті нандар, құймақ пісіретін және ыстық тағамдар үшін жаймаларға пайдаланатын сорттарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондай-ақ, серіктестікте жақында осы ұннан дайындалатын макарон бұйымдарын шығаратын фабрика пайдалануға берілмек. Бұл фабрика жылына 12 мың тонна 15 түрлі қысқа және ұзын кесілген макарон бұйымдарын өндіреді. Кәсіпорын қуаты тәулігіне 550 тонна ұн тартуға мүмкіндік береді. Ұн мен макарон өнімдерінің қазақстандық бренді облыс орталығындағы сауда орындарында сатылуда. Сонымен қатар, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарына да жөнелтіле бастады. Серіктестіктің ұндары Орта Азия мемлекеттеріне, Грузияға және Ресейге экспортқа шығарылуда. Енді Иран, Араб елдеріне шығару көзделуде».