ДСҰ-ына кіру қазақстандық өндірушілерге жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді - А.Мырзахметов
«Дүниежүзілік сауда ұйымына енуді біз оң қадам деп бағалаймыз. Қазақстан интеграциялық үдерістерге ашық мемлекет. ДСҰ-ға ену - бұл тиісті стандарттарға сай болу. Яғни біз өзіміз белгілеген стандарттарды орындауымыз қажет. Басқалай даму мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда ДСҰ-ына кіру сөзсіз оң қадам. Елімізге келетін инвесторлар бұл жағына көп көңіл бөледі. Өйткені Дүниежүзілік сауда ұйымына енген соң бізде тарифтер, кеден саясаты және басқа да салалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі», - деді А.Мырзахметов.
Оның айтуынша, Қазақстан бұл ұйымға енген соң, отандық кәсіпкерлер жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар ол қазақстандық кәсіпкерлерді алда не күтіп тұрғанына тоқталды. «Аяққа тұратын уақыт болды. Әрекет жасау керек, даму керек, әйтпесе бәсекеге қабілетті бола алмай қаласыздар», - деді ҰКП басшысы.