Дуагер бесінші сынып оқушысының басын айналдырып, миллион рублін қағып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы Электросталиде белгісіз әйел бесінші сынып оқушысынан «дуаны алып тастамақшы» болып миллионнан астам рублін жымқырып кеткен.

«Интерфакске» хабарлағандай, құқық қорғау органдарына, өткен дүйсенбіде Электросталидің тұрғыны полицияға белгісіз әйелдің отбасының қара дуасын шешемін деп 12 жасар қызының басын айналдырып, 1 миллион 110 мың 64 рубльді иеленіп кеткенін хабарлаған. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде. РФ ІІМ баспасөз орталығында болған оқиғаны растады.