Әуежай операторы Dubai Airports компаниясының мәліметінше, төрт қызметкер жарақат алып, оларға жедел медициналық көмек көрсетілген.
— Оқиға орнына тиісті органдармен іс-қимылды үйлестіретін шұғыл әрекет ету топтары жіберілді. Қолданыстағы апаттық жоспарларға сәйкес терминалдардың біразынан жолаушылар шығарылды, — делінген компания таратқан хабарламада.
Осыған дейін Дубай әуежайлары белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатқаны туралы жазған болатынбыз.