«Біздің Дубайдағы дипломаттар бұл мәселені ерекше бақылауға алған. Әзірге ондағы азаматтардан арыз-шағымдар жоқ. Fly Dubai әуекомпаниясының мәліметінше, сұраныс білдірген барлық жолаушылар қонақүйлерге орналастырылған. Тамақпен қамтылған. Әуекомпания тығырықтан шығу үшін жолаушыларды Алматы, Бішкек және Ташкент арқылы жеткізуді жоспарлап отыр. Олардың барлығы ертең немесе арғы күні елге жетеді деп күтілуде»,-деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, Дубай қаласына барған 80 шымкенттік елге жете алмай отыр. Жолаушылардың сөзінше, олар ұшаққа отырғанда белгісіз бір себептермен рейстен түсіріп тастаған. Сонан соң, 6-7 сағаттай әуежайда күтуге мәжбүр болған.