Дубай – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі әрі ең сәулетті қала
Осыған орай, туристердің сүйікті демалыс орталығына айналған Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласы шын мәнісінде қандай қала? Ол өзіне саяхатшыларды несімен баурап алады? Бүгінгі Біріккен Араб Әмірліктері туралы оқырмандарымызға аздап мағлұматтар бергенді жөн көрдік.
Дубай - Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең үлкен қала.
Көптеген саяхатшылар мұнда Дубай сауда орталықтарын, Джумейра мешітін, Саид патшасының сарайын тамашалау үшін және қаланы екі бөлікке бөлетін су арнасында «доу» кемесімен жүзу, «арба» таксиімен қыдыру, сонымен қатар, паб, бар, түнгі клуб, дискотека секілді Дубайдың түнгі қызығына бөлену үшін ат терлетіп келеді.
Енді Біріккен Араб Әмірлігі туралы қысқаша тоқталып өтсек:
Ресми астанасы - Абу-Даби қаласы болып табылады. Ал туристік және саудалық орталығы - Дубай шаһары.
Саяси ахуалы
1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері - жеті тәуелсіз әмірліктен тұратын жас ел, әр әмірлік негізгі қаласының атымен аталады: Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум-аль Кувейн, Рас-Эль-Хайма және Фуджейра. Әр бір әмірліктің әміршісі - шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген.
Халқы
Халықтың 80%-ы басқа елден келушілер болып табылады. 2000 жылғы санақ бойынша этникалық арабтар барлық тұрғынның 48,1% (оның ішінде БАӘ арабтары - 12,2%, бедуиндер - 9,4%, египеттік арабтар - 6,2%, оман арабтары - 4,1%, сауд арабтары - 4%), оңтүстік Азиядан келгендерi - 35,7%, ирандықтар - 5%, филлипиндіктер - 3,4%, еуропалықтар - 2,4%, басқалар - 5,4% бөлігін құрады.
Діні
БАӘ-нiң діні - Ислам. Дегенмен, басқа діндерге де рұқсат берілген.
Тілі
Араб тілі, сонымен бірге ағылшын тілі де кең таралған.
Мерекелерi мен демалыстары
1 қаңтар - Жаңа жыл, 11 ақпан - Құрбан Айт, 5 сәуір - Хижра бойынша Жаңа жыл, 14 маусым - Мұхаммед Пайғамбардың туылған күні, 25 қазан - Лелат аль - Мирадж, Мираж түні, 27 қараша - Рамаданның басталуы (мөлшермен) 2-3 желтоқсан - Ұлттық күн. Мерзімдері өзгермелі діни мерекелер де бар.
Діни мерекелердің мерзімі Исламда қабылданған айлық күнтізбе бойынша белгіленеді. Күндік күнтізбеге қарағанда айлық күнтізбенің жылдық айналымы 11 күнге қысқа болып келеді.
Діни мерекелер кезінде ресторандар жұмыс істемейді немесе онда темекі шегуге, спирттік ишімдіктер ішуге тыйым салынады. Рамадан мерекесін алып қарайық. Бұл айда дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылып, қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі шегуге болмайды. Бұл талаптар отель территорияларына таратылмайды. Бұл шектеулер әр эмиратта өзгеше болып келеді. Бұл елде демалыс күні жұма күні болып белгіленген.
Ұлттық тағамы
Араб асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус - бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле - ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи - жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті. Харис - арнайы дайындалған бидай қосылып пісірілген ет.
Араб Әмірліктері - теңіз елі, сондықтан мұнда ет тағамдарынан басқа теңіз жануарларынан жасалған тағамдар өте көп. Таңқышаян, асшаян, омар, тунa - бұлар бұлар күріш және арнайы дәмқосарлармен бірге берілетін тағамдар.
Араб елінің дәстүрлі жеңіл тамағы - шауырма, қаланың әр бұрышында сатылады.
Жергілікті десерттер өте дәмді - умм али, эш асаяя (бетіне крем жағылған тәтті ірімшік бәліші), мехалабия - (қызғылт су және пістелер себілген ботқа).
Кофе тағайындау - бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең қадірлісі - аравиялық, ашық түсті. Ол жартылай қыздырылған дәннен жасалады. Елдегі кафелердің кез келгенінен оның дәмін татуға болады.
БАӘ мұсылман елі болғандықтан, спирт ішімдіктері мейрамханалар мен сыраханаларда, қонақ үйлерде ғана сатылады. Тек Шардж әмірлігінде ғана алкогольге мүлде тыйым салынған.
Дубаи - ең демократиялық қала болып саналады. Қоғамдық орындарда, көшеде, жағажайда алкогольді пайдалануға болмайды. Мас кезінде транспорт жүргізуге мүлдем тыйым салынған. Бұл үшін үлкен айыппұл салынады, тіпті қамауға алуы да мүмкін.
Құбырдан су ішу зиянды емес. Шөлмектегі суды да пайдалануға болады.
БАӘ климаты
БАӘ нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді (жылына жауын-шашын дәрежесі - 13см). Жаз мезгілі өте ыстық болады (+48°С-ге дейін). Жылына 360 күн аспан бұлтсыз және шайдай ашық тұрады. БАӘ-дe туристік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айының бірінші жартысына дейін созылады.
БАӘ-де желтоқсан мен қаңтар ең салқын айлар болып есептеледі. Бұл кездегі ауа температурасы күндіз +28°С, түнде +18°С көрсетеді.
БАӘ-нiң шипажайлары
БАӘ - әлем туристері ең тартымды ел. Парсы шығанағының жылы сулары, құмды жағажайлары, шөлейтті табиғи көріністері, желкенді құрма, банан және лимон шоқтарының ылғалды алқаптары, қазіргі кезеңгі өмір тәртібі, халықтың ұлттық дәстүрге деген сенімі, еуропалық тамаша супермаркеттерi мен шығыс базарлары - бұның бәрі саяхатшылар үшін қиял әлемі.
Саяси құрылымы
Мемлекет басшысы - Президент. Сонымен бірге әр әмірліктің өзіне тәуелді қызметтері, жеке үкіметі бар.
Банктері
БАӘ-дегі және жергілікті шетел банктері қаржы қызметтерінің барлық түрлерін көрсетеді. Банктердің жұмыс уақыты: сенбіден сәрсенбіге дейін 8.00-13.00, бейсенбі күні 8.00-12.00 дейін. Кейбір банктер сағат 16.00-17.00-ге дейін ашық болады. Айырбастау бөлімшелері 8.00-13.00 және түстен кейін 16.00-20.30 аралығында жұмыс істейді. Ақша бірлігі - дирхам.
Айналымда 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000 дирхамдық ақшалар жүреді. Сонымен бірге 1 дирхамдық металл тиындары да бар, оның сыртында Құман бейнеленген.
БАӘ-нiң айырбастау пұлы - филз деп аталады. Бір дирхам 100 филзді құрайды. Мұнайлы әуе бейнеленген 50 филз кең қолданылады. Ұсақ ақшалар құнының төмендігіне байланысты сирек қолданылады. 25 филздік ақшада - елік, 5 филзде - балық бейнесі суреттелген.
Қонақ-үйлердің көпшілігінде, сауда орталықтарында, ірі дүкендерде American Express, Master Card, Visa, Dinners Club төлем карталары қабылданады, ал банкоматтарды кез келген халық ірі қоныстанған орталықтардан таба аласыз. Шетел және ұлттық пұлды енгізуге және шығаруға шектеулер қойылмайды.
Электр жарығы - 220В, 50Гц.
БАӘ-нiң салт-дәстүрлері
Біріккен Араб Әмірліктерінiң салт-дәстүрлері ислам дінімен сабақтас. Сондықтан, бұл елмен түсінісіп, келісімге келу үшін және жақсы дем алу үшін осы халықтың дәстүрін сыйлауыңыз қажет.
Ислам шарттары, әсіресе, қасиетті Рамадан айында қатаң сақталынады.
Егер жол түсіп, дәм тартып, Дубайға бара қалсаңыз, онда жоғарыдағы атап өткен мәліметтерге мән бергеніңіз жөн.
Күнсұлтан Отарбай