Дубай полициясының мәліметтері бойынша, пәкістандықтар 2012 жылы 354 апатқа себепші болды, соның салдарынан 26 адам мерт болды, 588-і жарақаттанды. Екінші орында - Үндістан азаматтары, олар 32 адамды ажал құштырған 326 қайғылы оқиғаға себепші болды.
Генерал Әл Зафин БАӘ-нің жергілікті азаматтары 29 адам көз жұмған 302 жол-көлік апатын жасағанын атап өтті. Сондай-ақ ол дубай жолдарындағы апаттарға жиі айыпты болып келетіндер - бенгалдықтар, египеттіктер, судандықтар, сириялықтар, британдықтар, омандықтар екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасының жүргізуші куәліктері БАӘ-де жүрмейді. Қазақстандықтар автомобиль жүргізу үші әмірліктің жүргізушілер мектептерінде оқудан өтіп, теориялық және практикалық емтихандар тапсыруға тиіс.
Дубайдың жол полициясының пайымдауынша, жылдамдықты арттыру әмірліктегі апаттардың негізгі себебі болып отыр. Осыған байланысты полицейлер 2020 жылға дейінгі стратегиялны қабылдап, жолдағы өлім-жітімді әр жүз мың адамға шаққанда барынша төмендетуді көздеуде.
Дубай полициясы көптеген апаттық учаскелерде зерттеу жүргізіп, құрбандар санын барынша азайтпақ. Сонымен қатар, БАӘ жолдарында жылдамдық радарлары үнемі арта түсіп келеді.